Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақшы болғандардың жолы кесілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласында теракт ұйымдастырмақшы болған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теракт

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«2020 жылғы 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды», — делінген ресми хабарламада.

Қазір азаматқа  қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Баспасөз қызметі тергеу жалғасуда екендігін атап өтті. 

stan.kz