Атырауда медициналық қызметкерге сот үкімі шықты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Күдікті сот-медициналық сараптаманың қорытындысын өзгертіп, жалған ақпарт енгізу арқылы лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы директорының міндетін атқарушысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бұған дейін Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы директорының міндетін атқарушы Молдағалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Сот өз үкімін шығарды. 

«Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туған нәрстені өлі туған ретінде көрсетіп, жалған ақпарт енгізу арқылы лауазымды өкілеттіліктерін асыра пайдалану бойынша күдікті болып табылған. 2020 жылы 28 наурызда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Молдағалиев 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», – деді Бигайдаров бүгінгі онлайн-брифингте

Оның айтуынша, сотталған Молдағалиев өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған – министр Біртанов



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз