Астаналықтардың жалақысы өзге өңірлерге қарағанда неге көп?

0
Астаналықтардың жалақысы өзге өңірлерге қарағанда неге көп?


Астаналықтар республиканың басқа тұрғындарына қарағанда орташа есеппен 75 мың теңгеге көп жалақы алады.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

Экономиканың тұрақты дамуы тұрғындар табысының 9,4 пайызға өсуіне септігін тигізді. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы мөлшері 232,5 мың теңгені құраған.

Бұл туралы қалалық қоғамдық тыңдаулар барысында елорданың 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін қарастыру кезінде Астана қаласы Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы – 151,1 мың теңге.

2018 жылдың ІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құраған. Бұл былтырғы жылдың деңгейімен бірдей болып отыр.

Ал Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 4,9 пайызды құрады. Ағымдағы кезеңде 18 607 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде шағын және орта бизнесте 14 082 жаңа вакансия пайда болды.   

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз