Астанада терминологияның өзекті мәселелері талқыланады

0
20 Қараша 2018, 18:14 93 0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп, 23 қараша күні «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар көрнекті жазушы, аудармашы, терминтанушы ғалым Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына орайластыра ұйымдастырылып отыр.

Семинарда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппараты, Қазақстан Республикасы министрліктерінің жетекші мамандары арасында қазақ терминологиясының қордаланған мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған терминжасам механизмін ілгері жылжытқан сөз зергері Ісләм Жарылғаповтың тәжірибесінің қыр-сыры ашылады.

Аталған әдістемелік семинарда терминжасамның бағыттары айқындалып, терминдерді талқылаудың халықаралық және отандық тәжірибелер зерделенеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, БАҚ өкілдері, орталық атқарушы органдардың жетекші мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз