Арыстағы жарылыс: Тоқаев кінәлілерді қатаң жазалауға уәде берді

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласының халқымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс халқымен кездесуде жарылысқа кінәлілерді қатаң жазалауға уәде берді.

Ақорда сайтындағы мәліметке сүйенсек, мемлекет басшысы Арыс қаласынан көшірілген тұрғындарды орналастыру жұмысының барысымен танысты. Тоқаев халықты ыстық тамақ, медициналық жәрдеммен қамтамасыз етіп, басқа да барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.


©
Официальный сайт Президента РК /

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындары орналасқан эвакуациялау пунктіне барды

Сонымен қатар президент тұрғындардың қауіпсіздігі мен олардың дүние-мүлкін сақтау қажеттігін ескертті. Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне, әсіресе, балаларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

«Осы тәртіппен жұмысты жалғастырыңыздар. Үкіметке қалаға және оның тұрғындарына көмектесу туралы тапсырма берілді. Қазір біз ең бірінші кезекте адамдардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Екінші – көрсетілетін көмектер. Арнайы қор құрылды. Арысқа бүкіл Қазақстан көмектеседі», – деді Тоқаев тұрғындарға.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрауға барды

Президент халықпен жұмыс істеп жатқан қаланың жұртшылығына, ардагерлерге ризашылығын білдірді. Сонымен бірге Тоқаев жарылыстың себептерін анықтау қажеттігін атап өтті.

«Қылмыстық іс қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады. Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс», – деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өрт пен жарылыстан зардап шеккен жерлерді қалпына келтіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан бір адам қаза тауып, отыздан астамы жарақат алған. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі арыстықтарға үндеу жасады

Төтенше оқиғаға қатысты қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз