«Артында алты баласы қалды»: Айгүл Мүкей Ләйлә Сұлтанқызының марқұм ағасы жайлы

0

Ләйлә Сұлтанқызының ағасы Руслан Сұлтанұлы бақилық болды. Біраз уақыт сыртқаттанып, жансақтау бөлімінде жатқан ағасы мәңгілік өмірге аттанып кетті. Тележүргізушінің марқұм ағасы жайлы Айгүл Мүкей жазды.

«Бүгін менің жақын құрбым Ләйлә Сұлтанқызының ағасы Руслан Сұлтанұлы өмірден озды. Ләйлә ағасынан айырылды. Ол өте жас еді. Оның артында 6 баласы қалды. Руслан инсульт алды. Оның керемет аға, ұлы, әке болғанын білетін едім. Оны бәрі жақсы көрді, бәрі сыйлады. Руслан керемет адам еді. Жаны жайсаң жігіт еді. Сондай еді, бірақ Алланың жазғанына не дейміз… Иманды болсын Руслан Сұлтанұлы. Алла алдынан жарылқасын…», – деп жазды Айгүл Мүкей парақшасында.

Айта кетейік, Руслан Сұлтанұлы бір апта аурахананың жансақтау бөлімінде жатты. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы желіде хабарлап отырды. Жақын күндері беті бері қарағанын жазған ол күні кеше қаралы хабарды жариялады.

Өнердегі дос-жараны, әріптестері, желідегі жанашырлары қайғыра көңіл айтты.

«Иманды болсын, иманы саламат болсын», «Отбасына сабырлық тілейміз», «Арты қайырлы болсын, той болсын», «Көрер қызығын балаларына берсін, балалары бақытты болсын, отбасыға сабыр берсін», «Қолдан келер қайран жоқ…Бекем болыңыз.» – деп жазды  желідегілер.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз