Ақтөбедегі жалғыз балалар үйі жабылды

0
28 Қараша 2018, 22:21 168 0

Астана, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өңірде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы және ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Өңір басшылығы балалар үйін оңалту орталығына айналдырып, жарымжан жеткіншектерге медициналық көмек көрсетіп жатқанын, ал ересек балалар «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылған айтты.

Оның айтуынша, қазір әлеуметтік бейімдеу орталығында 100-ден аса бала тұрады. Кәсіпкерлердің көмегімен бұл жұмыстарды әлі де дамытпақ. Алдағы уақытта облыста жетімдер үйінің мүлде болмауын мақсат еткен.

«Бізде «Мейірім» деген акция жүреді. Ол акцияның мақсаты – жетім балаларды бір-бір демеушіге бекіту. Үш жақты келісімшартқа тұрады. Бала, демеушісі және қүрылыс жинақ банкі. Банктен балаға шот ашылады, ал демеуші өзінің мүмкіндігіне қарай жылына ақша салады. Менен бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер солай бекітілген», деді Бердібек Сапарбаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз