Ақтөбеде баланың басы балконның темір бағандарына қысылып қалды – Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде бүлдіршіннің басы балконның теміріне қысылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Ақтөбе облысының ТЖ департамент өкілдерінің мәліметінше, оқиға Батыс 2 ықшам ауданында орын алған. Балконда ойнап жүрген балақай темір бағандарға басын сұғып, қайтып шығара алмай қалған. Баланың ата-анасы шарасыздықтан құтқарушыларға хабар беруге мәжбүр болған. 

«Оқиға орнына жедел түрде кезекші құтқарушылар, дәрігер мен психолог жетті. Құтқарушы қызметкерлер гидравликалық прессті қолданып темірлерді ажыратып, балаға көмектескен. Оның өміріне төнетін қауіп жоқ», – делінген ресми хабарламада. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз