АҚШ-тағы наразылық: Америка қалаларында не болып жатыр

0

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың қазасына байланысты наразылық акциялары басылмай тұр. Ер адам Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында мамырдың соңында полиция ұстағаннан кейін көз жұмды

Оқиға бүкіл ел бойынша наразылық тудырды. Бірнеше күннен бері жүздеген адам Миннеаполис, Нью-Йорк, Вашингтон және басқа да АҚШ-тың ірі қалаларында көшеге шығып, полицияның бассыздығына қарсы наразылық білдіріп жатыр. Көп жерде бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздік пен полициямен қақтығысқа ұласты.

Америкалықтар ойран салып, дүкендерді тонап, терезелерді сындырып, қоқыс жәшіктерін өртеп жатыр. Бірқатар штатта полицияға көмекке АҚШ-тың Ұлттық гвардиясы жіберілді, алайда олар да, резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ да наразылықты баса алмауда. Ал Барак Обаманың экс-кеңесшісі Сьюзан Райс Ресейге айып тақты. Толығырақ видеодан көре аласыздар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз