Алматының бас санитар дәрігері мәлімдеме жасады – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бекшин көп адамның жиналуы мен жақын араласуы азаматтардың індетті жаппай жұқтыруына әкелетінін алға тартты

АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала халқын адам көп жиналатын бұқаралық шаралар мен митингіге шақырудың соңы індет жұқтыру санының артуына әкелетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, 5 мамырда Алматыда 49 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, ал бір аптаның ішінде 334 адам індет жұқтырған. Қазір қалада 2 790 адамда коронавирус анықталды, 10 адам қайтыс болды.

«Статистика пандемия ауқымының әлі де азаймағанын көрсетеді. Осыны ескере отырып, қаланың бас санитар дәрігері ретінде соңғы кездері әлеуметтік желіде тарап жатқан адамдар көп жиналатын бұқаралық шаралар мен митингіге шақыруға жол беруге болмайтынына баса назар аударып отырмын. Қалада эпидемия әлі де жалғасып жатқан кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауапсыздық», – деді Бекшин.

Бекшин әлемдік тәжірибе көп адамның жиналуы мен жақын араласуы азаматтардың індетті жаппай жұқтыруына әкелетінін алға тартты. 

Әлемнің көптеген елінде осылай болды. Өйткені митингтер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер мұндай бұқаралық шаралар індет жұқтыруға себепкер болса, онда митингтерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады, – деді ол.

Егер бұқаралық шараларға қатысушылардың індет жұқтырғаны анықталатын болса, эпидемиологиялық тексеру аясында оқшауланады.

Covid-19  жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылады.

«Олармен байланыста болғандар індетті көпшілік жерде немесе үйде жұқтырғанына қарамастан, провизорлық және карантиндік госпитальға оқшауланады. Санитарлық-эпидемиологиялық хаттаманың талаптары осындай, біз оны міндетті түрде орындаймыз», – деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар  санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Айтуынша, бұл да хаттамада жазылған.

«Тіркеу қатысушылар санын есептеп, жұқтыру ошағының эпидемиологиялық тексеруін одан ары жүргізіп, қала тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу үшін қажет.

Бұқаралық  шараларға, митингтерге  қатысушылар коронавирус жұқтырудың эпидемиялық тізбегін құрайды. Осының салдарынан індет сіздің үйіңізге, отбасыңызға тарайды, ең алдымен балаларға және қарт адамдарға қауіп төндіреді», – деді Бекшин.

Бекшин дәл осы себеппен Алматы қаласының аумағында түрлі бұқараларық шараларды өткізуге тыйым салу жөнінде қаулы қабылдағанын алға тартты.

«Қарт адамдар мен созылмалы ауруы бар жандардан адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ жүруді сұраймын. Сонымен қатар жаппай жұқтыру қаупінің болуы мүмкін екендігін ескере отырып, тиісті қызметтерден адамдар көп жиналатын орындарға  дезинфекция жүргізуді күшейтуді талап етемін», – деді ол.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз