Алматылықтар сағаттап жедел медициналық жәрдемін шақырта алмай отыр – Қазақстан жаңалықтары

0

Соңғы күндер Алматы тұрғындары жедел медициналық жәрдем қызметін шақыра алмай дал болды. Stan.kz ақпараттық агенттігіне бірнеше қала тұрғыны хабарласып, сағаттап дәрігер шақыртай алмай отырғанын айтып шағымданды. Біз қалалық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, мән-жайды анықтамақ болдық. 

Бәлкім бірер күн бұрын Алматы қаласы жедел медициналық қызметінің 21 қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны әсер етті ме екен, бірақ алматылықтар сағаттап 103-ті ала алмайда. 

Алайда Алматы қалалық денсаулық сақтау қызметінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, жедел медициналық көмек тұрғындарға уақытылы көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Алматыда жедел жәрдем қызметі бұрынғыдай штаттық режимде қызметін атқаруда. Ешқандай өзгеріс жоқ. Тек вирус жұқтырғандарды ғана тасымалдап, басқа аурларға қызмет көрсетпейді деу мүмкін емес», – деп қысқа қайырды.

Бүгін 103 номеріне хабарласып, жағдайды бақыламақ едік, анықтама қызметі тұтқаны көтерді. Кешегі жағдай бойынша Жедел медициналық жәрдем станциясының аға дәрігері Александр Лазаревке телефон тұтқасын берді. Алайда аға дәрігер телефон бойынша бұл мәселеге түсінік бермейтінін айтып, басшылыққа хабарласуымызды сұрады. Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Азамат Әменовке хабарласпақ болып, тағы бір мәрте 103-ке қоңырау шалғанда, телефон тұтқасын ешкім көтермеді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз