Алматылықтар коронавирусы қай жерден жиі жұқтыратыны белгілі болды

0

Алматылықтардың көпшілігінде жұмыста және үйде коронавирус жұқтырылған. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.

Бас санитарлық дәрігер қаладағы эпидемиологиялық жағдайға кеңінен тоқталды. Ол Алматы тұрғындарының коронавирус көп жұқтыратын орындарын атады. Қазіргі таңда инфекция жұқтырғандармен тікелей байланыс онатқандар да тексеріліп жатқанын жеткізді ол.

«Коронавирус жұқтырғандар арасында талдау жасағанда 56% адам коронавирусты жұмыс жағдайында жұқтырғаны белгілі болды.  Бұл 6408 жағдайды құрайды. 20% адам, яғни 1948 жағдай үйде байланыс орнату арқылы жұқтырған. 13% адамның қай жерден жұқтырғаны белгісіз. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандармен байланыста болған 48 мыңнан астамжақын адамдар мен 22 мыңнан астамы жұмыста байланысқа түскен адамдар тізімге алынды. Ал қазір 7 мың адамды үй карантині жағдайында қадағалап отырмыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 60%-ы жазылып кеткен болатын.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз