Алматыда және облыста блок бекеттер қайтадан орнатылды ма: Полиция департаменті жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласы мен облысындағы блок- бекеттерді қою туралы ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаскелең, Ұзынағаш, Шамалған бағытында қайтадан блок-бекеттер қойылып, адамдардың жолда қалып, үйлеріне өте алмағаны туралы ақпарат тез тарап кетті.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық және қалалық поиция департаменті растамады. Қалам маңында, облыста блок-бекеттердің жоқ екенін айтты олар. Және алдағы уақытта блок-бекеттер қойылмайтыны белгілі болды.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі коронавирустық инфекцияның өсуі жағдайында күшейтілген карантиндік шаралар қабылданатындығын хабарлаған.

Айта кету керек, Алматыға кіру және одан шығу пункттері 1-маусымға қараған түні алынып тасталды.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз