Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтірді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда ер адам күйеу баласы мен қызын мылтықпен атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында 8 маусымда болған.

 «Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде 1951 жылы туған жергілікті тұрғын отбасылық жанжал салдарынан тегіс ұңғылы мылтықпен 1987 жылы туған күйеу баласын және 1979 жылы туған қызын атып, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады», – деді полицияда.

Қазіргі уақытта қылмыс орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр Алдын ала мәліметтер бойынша, қару оқ атушының атына тіркелген. Қайғылы оқиғаның басқа жағдайлары анықталады.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз