Алматыда Армениядан әкелінген 33 көлік тіркелді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда бес күнде Армениядан әкелінген 33 көлік тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді 

Президенттің бұйрығы бойынша, Қазақстанда 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін Армениядан жетікізілген көліктерді тіркеу басталды.

«Алматыда Армениядан әкелінген 505 көлік бар. Оның ішінде 119 көліктің рөлі оң жағында. Былтыр және биыл 88 көлік тіркелген. Қазір патрульдік полиция қызметкерлері көшеде Армениядан жеткізілген көліктерді тоқтатып, оларға арнайы жадынама таратып жатыр. Онда осы көліктерді қалай тіркеуге болатыны, қандай құжат керек екені көрсетілген. Одан бөлек, бұл мәселе бойынша колл-орталық ашылды», – деді Жандос Мұратәлиев.

Айта кету керек, Армениядан әкелінген көліктерге сары нөмір беріледі.

«Сары белгі бұл көліктің басқа азаматтарға сатылмайтынын білдіреді. Өзінің тұрғылықты жері бойынша салығын төлеп, Қазақстан ішінде ешқандай шектеусіз жүре береді. Яғни, елімізде тіркеуде тұрады», – деді ол.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз