Алматы блок-бекеттіндегі жол апатынан зардап шеккен үшінші қызметкер есін жиды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы блок-бекеттегі жол апатынан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым ауруханада есін жиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ербұлан

Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

«Науқастың жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Есін жиып, дәрігерлердің бақылауы кезінде сұрақтарға жауап береді. Уақыт пен кеңістікті жоғалтпаған. Басы ауырып, кейде айналып тұрғанын айтады. Қозғалыс аймағының сал болып қалауы байқалмайды. Палатада өзі жүріп тұрады», – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 25 мамырда екі полицейдің өмірін қиған сұмдық жол апатында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Оның басына қатты зақым келгендіктен екі бірдей ота жасалыпты. Есірткі бизнесіне қарсы басқарманың қызметкері Ербұлан Сейдазымның халін білуге ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі келген болатын. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз