Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті

0

Бүлдіршіндердің анасы Қырғызстан азаматы. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиядағылар көрші елдің тиісті органдарынан қолдау сұрайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Екі және төрт жасар ұл мен қыз әбден әлсіреп, ауруханаға түсті. Дәрігерлер бүлдіршіндер ұзақ уақыт бойы тамақ ішпеуі мүмкін деген болжам жасады.

Балаларға тамақ бермейтінін отбасы туралы полицейлер кездейсоқ білді. Ерлі-зайыпты сөзге келіп, әйелі туыстарына шағым жасаған. Бұдан соң әйелдің жақындары тәртіп сақшыларына хабарласыпты. Бүлдіршіндердің мүшкіл хәлі осы кезде белгілі болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Балалар өте әлсіреген. Денелерінде көгерген із байқалмайды. Қазіргі уақытта оларға тек тамақ пен тазалық керек», – деді Қордай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Иван Черных.

Балалар ауруханада бірнеше күн болады. Кейін Тараз қаласына оңалтуға жіберіледі.

Телеарнаның хабарлауынша, балалардың ата-анасы бұған қатысты ақпарат беруден бас тартқан.

Екі баланың анасы (Қырғызстан азаматы) жуырда тағы бір сәби босанған.

Қордай аудандық әкімдігіндегі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия хатшысы Алина Почуеваның айтуынша, әйел олардан көмек сұрамаған.

Тағы оқыңыз: Бір апта бойы ас-сусыз қалған: Үш жасар қыздың өлімі жаға ұстатты

«Біз қазір балалардың әкесін анықтаймыз. Кейін әкесін ата-ана құқығынан айырамыз. Бұдан соң балаларды арнайы мекемеге жіберу жұмысы жүргізіледі. Ал анасы Қырғызстан азаматы. Сондықтан оның ісі Қырғызстан комиссиясының қарауына жіберіледі», – деді ол.

Қордай ауылы Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада орналасқан.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз