«5 мың отбасы тұрғын үй ала алады»: Министр алдағы жоспарларымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов 5 мың отбасының баспанамен қамтамасыз етілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында министр көмекке мұқтаж отбасылардың алдағы уақытта мемлекет тарапынан баспанамен қамтамасыз етілетіні туралы айтып берді. Атамқұлов 5 мың отбасының баспаналы болуға мүмкіндігі бар екенін жеткізген.

«5 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары бойынша тұрғын үй ала алды. Бұл көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар», — дейді Атамқұлов.

Министрдің айтуынша қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап арнайы баспаналар салу жоспарланып отыр. Оған қоса, мемлекет тарапынан басқа да көмек көрсетілетін болады. 

«Биыл 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарлануда», — деп жоспарларымен бөлісті министр.

Атамқұлов уақытша жалға берілетін тұрғын үйлердің мәселесіне де тоқталып, еңбек өтілі бар жастардың да көмектен қапы қалмайтынын атап өтті.

«Әлеуметтік осал жағдайдағы 11 мың отбасы және мегополис-қалаларда әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен жұмыс істейтін 3 мың жас қамтамассыз етіледі», — дейді Бейбіт Атамқұлов.

stan.kz