2018 жыл қалай өтті?

0

Аяқталып отырған 2018 жылы Қазақстанның сыртқы саясаты, экономикасы, адам құқықтары саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері, президент пен үкімет жұмысындағы негізгі шешімдер, жаңалықтар жайлы AzattyqLIVE тікелей эфирінің сарапшылары Қазбек Бейсебаев пен Мұхтар Тайжан саралады.

Хабарда саяси-қоғамдық өмірдегі айтулы оқиғалар мен жұртты алаңдатқан жайттарға баға беріліп, азаматтық қоғамның ахуалы, бұқараны елең еткізген сот істері жайында да сөз қозғалды.

Сарапшылар «Мемлекеттік билік пен қоғам жыл бойғы маңызды оқиғалар кезінде қандай әрекеттер жасады, қандай жұмыстар атқарылмай қалды, қандай бастамаларға мұрындық болды» деген сұрақтарға да жауап берді. Бұған қоса Қазақстанда жыл ішінде қабылданған маңызды заңдар, саяси мәлімдемелер мен оған қоғамның ықпалы болғаны-болмағаны бағаланды.

Дереккөз: Азаттық