Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік.

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік.

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

Оқушыларды жолда дұрыс жүріп тұруға тәрбиелеу.

Сынып сағат тақырыбы: Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік.Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауғатәрбиелеу.Сынып сағат барысы Ұйымдастыру кезеңі. Сынып сағаты.-Балалар біз бүгін « Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік » тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз:

Арманға алдан күткен асығамыз,Біз қалай толқын атпай басылармыз.Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқанба.Ескерту белгі:Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Жолдан өткен кезімізде әр қашан жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуіміз керек.жолдан өтер алдында бірінші оңға содан соң солға қараумыз керек.Жаяу жүргіншіге арналған жолақ болмаса,бағдаршамнан өтуміз.

Тыйым салу:Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағыттыОй, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.Ақылға салып ойланып,Тапшы мұны пысығым. ( жол)

Жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөА) жолда жүру ережесінің сақталуыӘ) көлік түрлері Б) жол белгілері Қорытынды: Балалар бүгін қандай тақырып өттік? Бүгінгі сабақтың тақырыбы сізге ұнадыма? Көшеде біз жүрелік, Жол тәртібін білелік. Ата-ана қынжылмасын, Түсірмесін ұнжырғасын.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз