Бүлдіршінді өлімнен аман алып қалған мысық жұртты сүйсіндірді (видео)

0

Үйде жүрген мысық балконнан құлап кетуі мүмкін баланы бір ажалдан аман алып қалды. Осы сәтте түсірілген видеоны үндістандық офицер Судха Рамен бөлісті.

Бейнежазбадан бүлдіршіннің балконның қоршауына шығуға әрекет еткенін көруге болады. Осы кезде жанында тұрған мысық оның қолын итеріп, балконнан асып түсуге мүмкіндік бермей қояды.

Видео желіге жүктелгеннен кейін оны 180 мыңнан астам адам көріп, 21 мыңнан астам лайк жинады.

Әлеуметтік желі қолданушылары мысықты баланы қорғаған періште деп атаған. Олардың көпшілігі видеоны түсірген баланың әкесін сынға алды.

«Бастапқыда мысық баланың әкесіне белгі бергендей, бір нәрсе сұрағандай қарайды», — дейді пікір білдіргендердің бірі.