Астанада лифтідегі әйелдердің төбелесі видеоға түсіп қалды

0

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй лифтісі ішінде маска тақпау себебінен әйелдер арасында төбелес шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2021 жылдың 18 ақпаны күні лифтіде екі бөгде әйел маған жабылды. Себеп маска тақпағаным үшін. Мен масканы алып тақпақ болдым, сонда да олар маған тап берді. Екі әйел менің бетімнен ұрып, шашымды жұлып және мені балағаттады. Қатты ұрғандары соншалық мен есімнен тана бастадым. Олар болса ұрып соғуын жалғастыра берді. Болмаған соң мен айқайлап көмекке шақырдым, даусымды естіген көршілер көмекке келді. Екі әйед сол сәтте мені босата қойып, көршілердің көзінше мені нашақор және басқа да ауыр сөздер айтып, мені кінәлап, өздері үйлеріне кіріп кетті», — деп жазды елорда тұрғыны Дилара Омарбекова өзінің Instagram парақшасында. 

Орын алған оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсінік берді.

«Елордалық полиция қызметкерлері бір-бірімен жаға алысқан тұрғындарды анықтады. Екі жақта бір-біріне шағымданып, полицияға арыз түсірді. Кикілжің тұрғын үй лифтісінде маска тақпау салдарынан туындаған. 23 жасар елорда тұрғынына лифті ішінде маска тағу керектігін ескерткен, оның соны екіжақты төбелеске айналды. Айыптылар сот-медициналық сараптама нәтижесі шыққан соң заң аясында жауапқа тартылатын болады»,- делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dilara (@dilara.omarbekova)

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды карантин талаптарын бұзбауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.