Аң терісін жамылған байдың қызы өз туған күнінде өртеніп кете жаздады (видео)
Вьетнамда туған күнінде торттың шамын үрлеген ару өртеніп кете жаздады. Соңғы кездері мұндай жағдайлар жиі кездесуде.
YouTube видеохостингіндегі ViralHog парақшасында бойжеткеннің туған күнінде түсірілген видео жарияланды.
Оқыс жағдай 1 наурызда Вьетнамның Тхайнгуен қаласында болған. Бойжеткен шамы жанған тортты ұстап тұрып, ән салады. Осы сәтте оның үстіндегі аң терісі тұтана бастайды. Көпшілік киіміне қарап оның дәулетті отбасында дүниеге келді деп топшылады.
Ол тіпті тұтанған киімінен түтін шыға бастағанын да байқамаған. Киімнен әбден өрт шыққанда ғана әндетуін тотқатқан нәзік жанды шошып калады.
Бұл жайттың немен аяқталғаны белгісіз. Себебі, видео жарты жолдан үзіліп кеткен. Десе де көрікті бойжеткеннің сәнді киімі киюге жарамсыз болып қалғаны анық.