Алматыда ер адам көпірден секіріп өлмек болды
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары ер адамды жерге түсірмек болған куәгерлерге көмектесті
Ер адам Рысқұлов және Шемякин көшелерінің қиылысындағы көпірдің аркасына шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оған сол жермен өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері көмектескен. Біреуі сөйлесіп тұрғанда екінші ер адам аркаға шығып, қолын бұрады.
Осы сәтте полицейлер жетті. Олар трос көмегімен жерге түсірді.
Құтқару операциясы кезінде Рысқұлов көшесінде көлік қозғалысы тоқтады.
Алдын ала болжам бойынша көпірден секірмек болған тұрғынның ақыл-есінің ауытқуы бар.