Қостанайда сүйген қызымен ұрсып қалған жігіт көпірден секіріп кетті (видео)
Қостанайда сүйіктісімен ренжісіп қалған жас жігіт суға секіріп кетті, деп хабарлайды kznews.
Жігіттің үлкен көпірден өзенге секіргелі оқталып тұрғанын көрген қала тұрғындары 1 қараша күні кешкі 20.00 шамасында полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына полиция лейтенанты Батыржан Бейсенбин мен полиция аға лейтенанты Мырзахан Сұлтанов бар автопатруль келіп жетті.
Полицейлер дереу шешініп, суға түскен. Жігітті жедел құтқару үшін оларға киімін шешу керек болды, өйткені киім тез жүзуге кедергі жасайды.
Олар өзеннің ортасынан жігітті тауып, жағаға шығарды. Келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның есін жиғызды.
Дәрігерлер қарашаның қақаған суығында жалаңаш суға түскен полицейлерге де алғашқы көмек көрсетті.
Қазір құтқарылған 17 жастағы жігіттің жағдайы бірқалыпты.