«Қаласаң — еркекпін, қаламасаң — әйелмін»: Атырауда екі трансвестит жезөкше ұсталды

0

Атырау қаласында ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге дайын екі ақтөбелік трансвестит жігіт қолға түсті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Қазақстанда 14 қарашаға дейін жүріп жатқан «STOP-трафик» тексерісі аясындағы кезекті «құрықтаулар» туралы айтты. Сонымен, 11 қарашада учаскелік инспекторлар 25 пен 29 жас аралығындағы 13 жезөкшені анықтады. Қыздар Атырауға еліміздің әр қаласынан — Қызылорда, Ақтау, Шымкенттен келген. Интимді қызмет көрсету үшін олар Махамбет көшесі, Азаттық даңғылы, сондай-ақ «Привокзальный» және «Алмагүл» шағын аудандарында пәтерлерді арнайы жалға алды.

Сонымен қатар, өткен кеште полиция жыныстық қызмет көрсететін ақтөбелік екі трансвестит жігітті ұстады. Интимдік қызмет көрсету саласының барлық өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қудалау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ескертулер берілді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері енді жалдамалы пәтер иелерімен айналысатын болады. Атырауда анықталған жеңіл жүрісті қыздар саны өсті. Облыс орталығында 18 коммерциялық секс-жұмыскер анықталды, оның ішінде шетелдік әйелдер де бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қыз Алматыда пәтерде жыныстық қызмет көрсетіп жатқан жерінен ұсталды.