«Балалар мен әйелдерге арналған психоәлеуметтік түзету жұмыстары» тақырыбында конференция өтті

0
19

Бүгін «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Балалар мен әйелдерге арналған
психоәлеуметтік түзету жұмыстары» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға психолог Ақнұр Тәуекел мен коуч мотиватор, “KANIKAR” клубының жетекшісі Алтын Каникар қатысып, өз баяндамаларын оқыды.

Мамандар конференцияға жиналған қауымға ақыл-кеңестерін айтып, психоәлеуметтік түзету жұмыстарының қалай жүргізілетінін атап өтті.

«Кез келген адам орта ауыстырған кезде белгілі бір қиындықтарға ұшырайды. Бұл қалыпты жағдай. Оларды еңсеру үшін сол қоғамға бейімделуге тырысып, әрекет ету қажет»,– деді Алтын Каникар.

“Адырна” ұлттық порталы