Жаңа кәсіп бастауға мемлекеттен қалай қолдау алуға болады?

0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2021 жылы 27 қазанда Алматыда журналистермен баспасөз-ланч өткізіп, биылғы 9 айдағы мемлекеттік қолдау қорытындыларымен таныстырды.

Сондай-ақ, микро-, шағын және орта кәсіпкерлердің «Даму» қоры арқылы қалай мемлекеттік қолдауға ие бола алатынын айтып берген болатын.

Шараға «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева, Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев, Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина қатысты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы.

2021 жылдың 9 айы ішінде «Даму» қоры қаржы құралдарын қолдана отырып,  Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарының (МШОК) несие сомасы 1,7 трлн теңге болатын 33,2 мың жобасына қолдау көрсеткен.

2020 жылы Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдаған кезде «Даму»қоры несие сомасы 1,6 трлн теңге болатын 32,6 мың жобаға қолдау көрсетті.

«Даму» қоры биыл қолдау алған жобалар мен несие қоржыны 10%-ға артады деп болжап отыр.

Қазақстан Үкіметі бекіткен дағдарысқа қарсы шаралар пакеті мен экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге «Даму» Қоры арқылы несие қоржыны 826 млрд теңге болатын19,5 мың жоба субсидия берілді.

Берілген субсидия шамамен 17 млрд теңгені құрайды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Даму» Қоры қызмет көрсеткен жылдар ішінде қаржы құралдарын қолдана отырып, несие сомасы 8,2 трлн теңге болатын 139,9 мың ШОБ  жобаларына қолдау көрсетті.

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылық қолдау көрсетіп (кәсіпкерлердің несиесінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кәсіпкерлердің несиесіне банктер алдында кепілдік беру), мониторинг жүргізетін қаржы агенті ретінде 1997 жылы құрылған болатын.

2007 жылдан бергі бағдарламалардың жалпы нәтижелері:

-139 900 жоба қолдау тапты

— 8,2 триллион теңге — қолданған жобалардың несие сомасы.

Қордың миссиясы — кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыру арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда белсенді рөл атқару.

Қордың пайымы – ұлттық даму институты – микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламалардың бастамашысы және іске асырушысы.

17 филиалы қызмет атқарады.

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ