Жас отау тойларына жетімдер мен мүгедектерді шақырды

0

Астана. 29 қаңтар. KAZISLAM – Қырғызстанда 21 жастағы Рахматулло Сейдакматов ерекше үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды ummamag.kg.

Жас жігіт өзінің үйлену тойына «Ақ-Жол» деп аталатын мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларды оңалтау орталығы тәрбиеленушілерін шақырды.

Оның сүйіктісі 19 жасар Мунира Алимкулова. «Тойды өткізу туралы жоспарлай бастағанда ата-аналарымыз бен туыстарымызға осындай керемет кешке балалар үйінің мейірім мен қамқорлықты қажет ететін балаларды шақырсақ деген ұсыныс айттық. Олар мені қолдап, тіптен бұл бастаманы қуана қоштады» дейді Рахматулло.

Осылайша үйлену тойында туыстарынан бар-жоғы 10 адам және оңалту орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Той қуанышын жалпы саны 120-ға жуық адам бөлісті.

Рахматулло Сейдакматов соңғы төрт жылдан беру балалар үйіне жиі барып, сый-сияпат жасап келеді екен. «Дініміз туралы көптеген кітаптарды оқимын, ол менің сана-сезіміме, жан дүниеме ерекше әсер қалдырады. Жетім балаларға қамқорлық жасау – ең қайырлы іс» дейді қайырымды жас жігіт.








Дереккөз: http://kazislam.kz/