Еліміздің ғалымдарды енді гранттық қаржыландыруға ие болмақ

0
91

Мұндай мүмкіндік мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы алғаш рет туып отыр.

Ғалымдар алғаш рет гранттық және бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру аясында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаржыландыру алады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырушы Қазақстандық ғалымдар қаржыландыруды тәуелсіздік алғалы алғашқы рет ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап алуда. Бұл үшін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде алғы төлем бойынша қосымша келісім жасасу жұмыстарын ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен электрондық тәсілмен жұмыс атқарды», – деп хабарлап отыр министрлік өкілдері.

Аталған іс-шара жылдың басынан бастап шарт талаптарына сәйкес ғалымдарға сапалы және толық көлемде міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазірдің өзінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жобалар мен бағдарламалардың орындаушыларына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/