Страсбургтегі терактіні ДАИШ ұйымы жасаған

0

Астана. 14 желтоқсан. KAZISLAM – Францияның Страсбург қаласында болған терактіні ДАИШ террористік ұйымы жасаған, деп хабарлайды РИА Новости.

Страсбург қаласында рождество жәрмеңкесінде үш адамды атып өлтіріп, оннан астам адамды жаралаған террористі полиция атып өлтірді. Лаңкестің көзі жойылғанын Францияның ішкі істер министрі Кристоф Кастанер растады.

Терактіні 29 жастағы Страсбург тумасы Шериф Шекат іске асырған. Ол бұрын Франция мен Германияда қарулы тонаушылық ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Қазақстанда, Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған ДАИШ  террорлық ұйымының ақпараттық ресурстарынан белгілі болғандай, Шериф Шевкат олардың қатарында болған.

Лаңкес сейсенбі 11 желтоқсанда кешкісін Страсбургтегі рождество жәрмеңкесінде атыс шығарды. Салдарынан үш адам қаза тауып, 12-сі жарақат алған. Ал қылмыскердің өзі такси көлігін айдап әкетіп, полициядан екі тәулік бойы қашып жүрді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/