Францияға жеңіс үшін барғанбыз, бірақ … «Астананың» жартылай қорғаушысы » Vesti.kz

0
«Астананың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Педро Энрике «Реннмен» ойыннан қалған әсері туралы айтты. Футболшының сөзі клубтың ресми сайтында жарияланған.

Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчінде қазақстандық клуб қонақтағы ойында франциялық «Реннен» 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша, алаң иелері тоғыз ұпай жинап, К тобында екінші болды, ал «Астана» бір ұпай кем жинап, плей-офф кезеңіне өте алмады. 

— Ұтылған әрдайым ауыр. Әрине ойын нәтижесіне риза емеспіз, Францияға жеңіске жетіп, ары қарай өту мақсатымен барғанбыз. Бірақ футболда ұсақ-түйек болмайды, бізге ойын ырғағы жетпеді. Осы әсер етті. «Ренн» — жақсы команда, ол жеңісіне еңбегімен жетті. 

— Команда Қазақстаннан барған бірнеше жүз жанкүйердің қолдауын сезінді ме?

— Жанкүйерлерімізді көргенімізге қуанышты болдық, олар ұзақ сапар жасады. Қолдау үшін оларға рахмет, бірақ, оларды қуанта алмағанымызға көңіліміз түсті. Жеңіс сәті мен жеңіліс кезінде де бірге болуымыз қажет. Оларға тағы бір алғыс, біз қолдауды сезіндік. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/