Сирияда тұңғыш жасанды спутник ұшырылады

0

Астана. 13 желтоқсан. KAZISLAM – Сирияның Байланыс және технологиялар министрі Ияд әл-Хатыб республикада космостық бағдарламаны дамытудың маңыздылығын мәлімдеп, елде тұңғыш рет жасанды жер серігі ұшырылатынын айтты.

Министр елдегі Ұлттық дистанциялық алдын ала тексеру басқармасына (GORS, Сирия космостық агенттігі) барып, сала мамандарымен кездесті. Мекеме жобаларымен танысқан әл-Хатыб Сирия космостық зерттеулер саласында алға шығуға лайықты екенін атап кетті, деп жазады РИА Новости.

Оның айтуынша, GORS мекемесін жаңғыртып, Сирияда космостық бағдарлама жасап, араб елдеріндегі секілді жер шарын айнала қызмет жасайтын алғашқы жасанды спутникті ұшыру қажет. Спутникті ұшыру сириялық ведомствоның басты мақсаттарының бірі деп атап өтті министр.

Айта кетсек, араб елдері ішінен өз жер серіктерін Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен араб әмірлігі, Алжир, Катар, Марокко және Ирак мемлекеттері ұшырған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/