Шіркеуді 100 жыл сақтаған мұсылмандар

0
56

Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Вахид Мұрат есімді пәкістандық мұсылман жыл сайын өз іс-әрекетімен ислам республикасында діни төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүр, деп жазады BBC.

Мұраттың әулеті Пәкістан елдімекендерінің бірінде орналасқан қасиетті Мэтью шіркеуіне 100 жылға жуық уақыт қамқоршылық жасап келеді. Жергілікті халық арасында христиандар тіптен жоқ деуге болады. Соған қарамастан Мұрат мен оның туған-туыстары ғибадатхананы сақтау және қажетті жағдайда ұстауды өз міндеттері санайды.

Мұрат Вахид шіркеу қоңырауын қалай соғу керектігін де меңгеріп алған. Оның айтуынша, бұл шіркеу де Құдайға арналған, сондықтан оны да мешіт секілді күтіп ұстаған дұрыс. Тіптен келушілер болмаса да ғибадатхананы тиісті жағдай жасалуы керек деп санайды ол.








Дереккөз: http://kazislam.kz/