Шаң жұтса ораза бұзыла ма: Баланың сұрғы имамды жылатты

0

Ютуб желісінде Мысыр елінің бір имамы тікелей эфирге шығады. Рамазан айы болғандықтан халықтың да сұрағы оразаға байланысты болды.
“Түкірік жұтсам оразам бұзыла ма?”, “Ауызашарда қандай тамақтар жеген дұрыс”
деген т.б сұрақтар қатар-қатар қойылады. Бір уақытта тікелей эфирге кішкентай бала қоңырау шалып:

— Менің сұрағым әлсіздеу болса кешірім сұраймын. Білгім келгені адам шаң жұтса ораза бұзыла ма?-деді.

— Енді шаң-тозаң ауаның құрамында болады ғой, оған бола ораза бұзылмайды.

— Біздің елде күн сайын жарылыс боп жатыр.

“Аузымызға шаң-топырақтың дәмі келеді, соны білгім келген еді” дегенде, Имам тікелей эфирде өксіп жылайды.