Алматыда тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприц жұртты шошытты (видео)

0
258

Қала тұрғындары тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцтерді видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар видеоны әлеуметтік желіде жариялады.

Түрксіб ауданының әкімдігі наразылық тудырған жазбаға қатысты түсінік берді.

«Қазіргі уақытта аумақты коммуналдық қызмет тазартып қойды. Аталған мекенжай бақылауда. Көшені тазарту жұмыстары коммуналдық қызметтің мойнында.Серіктестік күнделікті тұрмыстық қалдықтарды анықтау үшін көшелерді тексереді, содан кейін санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді», – деп жауап берді аудан әкімдігі.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету