Сахабалар жалғанның барша жылтырақ алтынына көздерін тас жұмған еді…

0

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі  болсын) құрған үлгілі қоғамның басты ерекшелігінің бірі- ақырет пен Жаратушы Алланың алдында есеп беруге деген сенімге негізделгендігінде. Бұл өмір-бір жағынан алып қарағанда ақыреттің  кіріспесі, әрі ақыретке дайындайтын егістік алқабы және  адам көңілінде ақырет  шуағының сәулеленуі үшін берілген мол мүмкіндік. Сол үшін бұл өмірді «Яумуд-дуния» (Дүние күні), о дүниені «Ямул-ахир»(Ақырет күні) деп атаған.

Бұл дүниеде жасалған амалдардың бәрі ақырет  үшін де жасалған болады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі  болсын) ақыретке деген сенімнің өшпейтін ұшқынын адамдардың жүрегіне тұтата біліп, ұлы қуанышпен жұбататындай өмірлік сабақ берді. Жүректер ақырет иманымен нұрланғаны сондай, сахабалар дүниеден баз кешіп, жалғанның барша жылтырақ алтынына көздерін тас  жұмды.

Иә, өмірде құдайлық таза жолды таңдап, жан дүниеңді игіліктермен байытудың бір ғана шарасы осы әдеппен жүріп және ақырет  өмірінің маңызын осы дүниеде бүтін болмысыңа сіңіре білу. Әйтпесе, ақыретке деген иманы жоқ қоғамда игіліктің ауылы алыс болып, түзу жолдың қарасы көрінуі мүмкін емес. Егер жекелеген адамдардың бойынан жақсылықтың нышаны қылаң  берген болса, онда ол Алла Тағаланың адам табиғатының бар болмыс-өзегіне нәр берген игілігінің нәтижесі ғана.

 Я, Алла Тағала! Мен Сенен Өзіңнің сүйіспеншілігіңе және Сені жақсы көргеннің сүйіспеншілігіне бөленуімді әрі маған Сенің сүйіспеншілігіңе лайық ететін амалды нәсіп етуіңді тілеймін