Садриддин Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарлады

0

Ал қарсыласы бірден 103 саты құлдилады.

20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) титулды жекпе-жектегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте біршама жоғарлады. Бұл туралы Baq.kz Vesti.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсірген болатын. Осылайша, қазақстандық алғашқы орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.

Бұл жекпе-жектен кейін Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарлаған, 201-ден 85-ші орынға. Ал қарсыласы бірден 103 саты құлдилады — жекпе-жек алдында Хуарес 103-ші орында болған, қазір 206-шы.

BoxRec рейтингінде алғашқы орта салмақта әлем бойынша 1850 боксшы бар, тізім басында WBO чемпионы Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО). Қазақстандықтар арасында Ахмедов екінші келеді — алдында тек 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО). Желтоқсанда ол WBC Asia белбеуін жеңіп алып, 80-ші орынға көтерілген.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/