Ресейде бір жылда 65 террористің көзі жойылды

0

Астана. 12 желтоқсан. KAZISLAM – Ресейде 2018 жылы 65 террористің көзі жойылды. Бұл туралы РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников хабарлады.

65 террористің 10-ы бандылық топтың басшылары болған. Ресей ұлттық антитеррористік комитетінің отырысында елдегі терроризмге қарсы күрес жұмыстары баяндалды. Биыл Солтүстік Кавказжа жалпы саны 37 террористік топ қызметіне тосқауыл қойылған. Содырлар Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия және Ставрополь аймақтарында терактілер дайындаған.

«Ресей территориясында терроризмге қарсы күрес саласы өте күрделі. Алайда құқыққорғау органдары қатаң бақылауда ұстап келеді» деп атап өтті А.Бортников. Ол сондай-ақ террористік қылмыстық іс-әрекеттердің көрсеткіші қысқарғанын да атап өтті.








Дереккөз: http://kazislam.kz/