Home Ислам нұры Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті кеңейтіледі

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті кеңейтіледі

0
157

Астана. 18 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясының Мәдина қаласында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті территориясын кеңейту жұмыстары басталды.

Мешіт ауласын кеңейту кешеннің батыс тарапынан жүргізіледі.  Қазіргі уақытта Мәдинаның құрылыс жөніндегі басқармасы мешіттің батысында Ас-Салям музейінен өзге ғимараттарды сүріп жатыр, деп жазады Saudi Gazette.

Ғимараттарды сүру жұмыстары 15 күнге жалғасады, осы уақыт аралығында Пайғамбар мешіті сарайының №8-№15 қақпалары жабық болады.

Мешітті кеңейту жобасында Сук Аль-Манах базар территориясы да кіреді, осыған байланысты ондағы барлық саудагерлерге көшу туралы ескертілген. Мәдина әмірі Файсал бин Салман ханзада сауда иелеріне жаңа орын табу туралы уәкілетті орган басшыларына тапсырма жүктеген.








Дереккөз: http://kazislam.kz/