Өзбекстанда әуежайлар мен вокзалдарда намазханалар ашылады
Астана. 8 қаңтар. KAZISLAM – Өзбекстанның барлық әуежайлары мен теміржол вокзалдарында намазхана бөлмелері ашылады. Осыған орай республика президенті Шавкат Мирзеевтің жарлығы шықты.
Өзбек басшысы әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жуынатын бөлмелері қамтылған намазханаларды 2019 жылдың 1 маусымына дейін ашу туралы тапсырма берді, деп жазады Islam News.
Еске салсақ, Ташкент халықаралық әуежайында 2017 жылдың қараша айынан бері тәулік бойы жұмыс істейтін намазхана жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта Өзбекстанда жергілікті халықтың 95%-ы ислам дінін ұстанады.
Дереккөз: http://kazislam.kz/