Миллионер 55 жасында өмір бойы баққан үш баласының өзінен тумағанын білген

0

Миллионер 55 жасында өмір бойы баққан үш баласының өзінен тумағанын білген

Ұлыбританиялық кәсіпкер Ричард Мейсон 55 жасында өзі өмір бойы баққан үш баласының өзінікі емес екенін білген. Балаларының үлкені 21 жаста.


 
Ол бұны екінші некесінен сәби сүйе алмағандықтан, медициналық тексерістен өткен кезде білген. Тексеріс кезінде оның белсіз екені анықталған. Осыдан кейін ол бірінші әйелінің үстінен сотқа шағым жазып, 250 мың фунт талап еткен. Сот талқылауы барысында үш баласының екуі онымен араласудан бас тартса, үшіншісі бұл оқиғаның қарым-қатынастарына ешқандай сызат түсірмейтінін және әкесіне риза екенін айтып, хат жазған. Ал балалардың әйелі болса күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындаған, бірақ балаларының әкесі кім екенін айтудан бас тартқан.

Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz