…Осының өзі садақа!

0

 Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

— Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, — дегенде, сахабалар:

— Садақаға беретін нәрсесі болмаса не істейді?, — деп сұрады.

— Бейнеттеніп өзін қамтамасыз етеді, кейін мұқтаждарға садақа береді.

— Оған шамасы жетпесе не істейді?

— Мұқтаж және зұлымдыққа ұшыраған адамға қол ұшын берсін.

— Оған да шамасы жетпесе не істейді?

— Жақсылыққа үндейді.

— Ал оған да шамасы жетпесе не істейді?

— Басқаларға зиян етуден сақтанады. Осының өзі садақа, — деді.

(Имам Бухари )