Педагогикалық зерттеу ұстанымдары | Скачать Реферат

0
133

Қазақстан Республикасның білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология кафедрасы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының 2 курс
студенті Вебер Э.Г.
Тексерген: аға оқытушы, педагогика
магистрі, Кенесова Ж.Е.

Орал, 2014ж

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі… деп
көрсетілген
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері
қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми
педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей
және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме,
мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың
таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті
және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір
оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-
құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау
нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді,
схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу
және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке,
хатнамаға жазылады.
Негізгі бөлім
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның
нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды
түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық
тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс
проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен
болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын
танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық
жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-
əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі
негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен
міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны
бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде –
зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды
деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары
жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы
жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің
жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік
тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.
Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше
жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз
ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы
айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де
қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс
нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде,
қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-
қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені
(предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-
қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды
(гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері
белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық
негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер
тобына енбеген білім заңдылықтары, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz