Омейядтер мешіті қалпына келтіріледі

0

Астана. 26 желтоқсан. KAZISLAM – Сириядағы көне мешіттердің бірі – Алеппо қаласында орналасқан Ұлы Омейядтер мешіті 2022 жылы қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы қайта өңдеу жұмыстарының жетекшісі, тарих ғылымының докторы Сахра Аляби мәлімдеді, деп жазады, Islam-today.

Еске сала кетсек, ДАИШ содырларының қарулы шабуылдары салдарынан тарихи мешіт түгелге дерлік қираған болатын. Лаңкестер мешіттің 45 метрлік мұнарасын жарып жіберген, кітапханасы мен мешітте сақталған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) шапанын, т.б. құнды заттарды тонап кеткен. Сарапшылар бұл жәдігерлерді қайтару мүмкін емес деген болжам жасап отыр.

Омейядтер мешітінң қайта қалпына келтіру жұмыстарына халықаралық мамандар жұмылдырылады. Жөндеу барысында қазіргі заман технологиялары қолданылатын болады, бұзылған әр қабырға ультрадыбыс құрылғыларымен зерттеледі.

Осылайша қираған мешіт мұнарасы, күмбездері мен қабырғалары жинақталып, қалпына келтіріледі. Алайда өңдеу кезінде жаңа материалдарды қосуға тыйым салынады. Себебі бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар ескерткіші тізіміне енген.








Дереккөз: http://kazislam.kz/