Наиб мүфти «Терроризмге қарсы комитет» Президиум төрағасын қабылдады

0

Астана. 16 қараша. KAZISLAM – Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің президиум төрағасы Аманжол Оразбаевты қабылдады.

Жұма күні өткен кездесуде қос тарап арасындағы әріптестік ынтымақтастықты дамытып, жат ағымның алдын алу шараларына байланысты ортақ жұмыс жоспары талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдық берген төрт бағыттарының бірі – теріс ағымдармен күрес шаралары бойынша ұсыныстар айтылып, пікір алмасты.