Мұсылман парламентінде әйелдер саны артты

0

Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Бахрейн парламентінде жексенбі күні өткен сайлау қорытындысы бойынша әйелдер қатары рекордтық көрсеткішке жетті.

Екінші қорытынды дауыс беру нәтижесінде парламентке 6 әйел өткен. Бұл бұған дейінгі сайлаудағы көрсеткіштен екі есеге жоғары, деп жазады Al Jazeera.

«2018 жылдың сайлауы Бахрейн үшін тарихи болып отыр. Біздің парламентке көбірек әйелдер келуде. Бұл бахрейндіктер үшін мақтаныш, біз теңдікке сенім артамыз және әйелдердің қоғамдағы рөлі де ерекше. Олар Бахрейн саясаты үшін де үлкен маңызға ие» дейді «Азаматтар Бахрейн үшін» ұйымының өкілі Мұхаммед әл-Саид.

Бірінші раунд дауыс беруінің қорытындысы бойынша парламентке 6 әйел өткен – Савсан Камаль, Зайнаб Абдул Амир, Массума Абдуль Рахим, Кульсум әл-Хайки, Фавзия Зайнал и Фатимаәл-Катари. Бахрейн парламентінде жалпы саны 40 депутат бар.