Мұсылман емес адамға Құран бағыштауға болады ма?

0
Жауап:

Құранды мұсылман болған күйі жан тәсілім еткен мархұмның әруағына бағыштауға болады. Мұсылман емес, өзге дін өкілінің әруағына Құран бағышталмайды. Оған оның пайдасы жоқ. Құран Кәрімде былай делінген:

وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ الظَّالِمِينَ إِلَّا خَسَارًا

«Біз Құраннан мүміндер үшін шипа болар, әрі мейірім-шарапат (етер аяттар) түсірдік. Ол (құран) залымдардың тек қасіретін арттырады»[1].

[1] Исра сүресі, 82-аят.

 

Абдусамат Қасым

Дереккөз : Islam.kz