КӨЗ – АЛЛАНЫҢ ЕҢ ҰЛЫ НЫҒМЕТІ
Жақында әлемге танымал инженерлер ең сапалы дисплей жасап шығарды. Оның сапасы мен жұмыс істеу қабілеті 64 компьютердiңқуатынан асып түседі. Алайда… бұл технологиялардыңөзі біздің көзіміздің мүмкiндiктерін ешқашан қайталай алмайды екен! Жоқтан бар етіп, бізді ең көркем бейнеде жаратқан Аллаға сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын!
Алланың барына сенбейтін адам аз. Тіпті, Жаратушыға сенбейтін адамның өзі жүрегінің түбінде Оның бар екенін сезеді. Бірақ, тә-каппарлығының кесірінен Алланы мойындағысы келмейді. Кейде айналасындағы жаратылыстың кереметтерін көргенде: «Осының бәрі өзінен-өзі жаратылуы мүмкін емес», – деген ойға қалатындары да бар. Әрине, адам баласы осы нығметтердің қадірін білуі тиіс.
Көз – Алланың адамзатқа сыйлаған ең ғажайып жаратылысы. Көз – өмірімізде ерекше орын алатын сезім мүшесінің бірі. Онсыз мына әлем біз үшін қараңғы түнек болар еді. Біз күнделікті өмірімізге қажетті ақпараттың 70 пайызын маңдайымызда жарқыраған жанарымыз арқылы аламыз. Көз – адамның бойындағы ең күрделі жүйе. Оның таңғажайып жаратылысына көз жеткізген заманауи ғалымдар эволюциялық процесс ойдан құрастырылған идея екенін айтқан. Тіпті, көздің күрделі жүйесін эволюциялық себептермен байланыстыра алмай қиналған Чарльз Дарвиннің өзі былай дейді: «Көз ең күрделі механизммен құрастырылған мүлтіксіз жүйе дейтін болсақ, оның әртүрлі қашықтықта фокусының өзгеріп отыруы, жарық пен түрлі-түсті фоторецептор арқылы қырағылықпен ажырата білу қабілеті сияқты күрделі механизмдерді табиғи сұрыпталу процесі арқылы пайда болды деу ақылға сыймайды».
Қазіргі уақыттағы офтальмология ғылымы заманауи технологияның арқасында көздің тремор, дрейф және микросаккад деген үш түрлі қозғалысын анықтаған. Егер осындай бұлшық еттер миллиондаған жүйке тал-шықтарымен нәзік байланыспағанда көзімізді емін-еркін қозғалта алмас едік. Бір қызығы, бұлшық еттер секундына 30-70 рет қозғала алады, ал бес жарым сағат ішінде 1 миллионнан астам қозғалыс жасайды екен. Осы бұлшық еттердің өмір бойғы қозғалысының есебін бір Алла ғана біледі.
Көру нығметінің арқасында адам мөлдіреген мына әлемге назар салып, ондағы өзінің орнын танып, Аллаға құлшылық етуі керек еді. Алла тағала Құранда адамдар мен жындарды өзіне құлшылық етуі үшін жаратқанын айтады. Әрине, ақылы бар адамға мұны түсіну қиын емес.
Ғасырлар бойы ғалымдарды көздің осындай таңғажайып күрделі құрылысы таңқалдырып келген. Көз құрылысын алғаш рет Александрияның (Мысыр) анатом ғалымдары зерттей бастаған. Ефесадан шыққан анатомия ғалымы Руфус көздің негізгі жүйесін: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене деп сипаттаған. Алайда, көздің мүлтіксіз ретпен, қырағы шеберлікпен жаратылғанын, заманымыздың озық аспаптарымен танып білген бүгінгі ғалымдар мұндай шеберлік тек бір Алланың ғана қолынан келетінін мойындауда.
Көз – айналамыздағы ақпаратты қабылдауда басты рөл атқарады. Көз торының 1 миллиметрінде 400 000-дай жарық сезгіш элементтер бар. Мұны түсіну үшін, көз торының әр элементін теннис добы деп қабылдап, олардың әр қайсысын өз диаметріндей қашықтықта дөңгелек қылып орналастыратын болсақ, теннис доптарын 52 метр диаметрмен орналастырады екенбіз. Сонда 400 000 теннис добы әуе шарынан 3 есе үлкен болып шығады.
Таң қаларлық жүйенің бірі – торлы қабықша. Ол жарықты жылдам сезгіш көз алмасының батыс бөлігінде орналасқан. Бұл адам өз қолымен жасаған пластикалық орауыштардан да жіңішке жарық сезгіш пленкалар. Көру қарқындылығы жағынан ең күшті деген 1000 фонтанды бейнекамераның байқау қабілеті, көз торының фонтандарынан бірнеше миллиард кем байқайды. Қарапайым көз торы 10 миллиард фонтан қарқындылығымен сан түрлі түстер мен ақпараттарды әп-сәтте-ақ қабылдай алады.
Ғалымдар ұзақ уақыт бойы көзді бейнекамералармен де салыстырып келген. Бейнекамера мен көз жүйесінің ұқсастығы көп екені рас, бірақ функционалды түрде бейнекамералар инженерлердің жетістігі болса, көз Алланың адамға берген теңдессіз нығ-меттерінің бірі. Адам өзі жасап шығарған жасанды техникалар мен компьютерлік жүйелер де көздің құрылысын жасай алмайды. Құранда Алла тағала: «Сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине, шүкіршілік етерсіңдер», – деген («Нахл» сүресі, 78-аят).
Бір тақуа пенде Жаратушы алдына 500 жылдық үздіксіз құлшылығымен барса керек. Алла Тағала: «Менің мейіріміммен жәннат бағына кір», – дейді, сонда: «Жоқ, мен өзімнің 500 жылдық құлшылық-амалыммен кіремін», – деген пендесіне Жаратушы Иеміз таразы қойып, оның бір басына 500 жылдық құлшылықты, ал, екінші бір басына адамның бір ғана көз нығметін қояды. Екі бірдей көз емес, бір ғана көзді таразылайды. Сол кезде көздің нығметі пенденің сонша жылдық құлшылық-амалын басып кетеді. Осыдан Алланың адамға берген байлығын түсіне беруге болады. Адам баласы бәрімізге мәлім, денсаулығының қадірін білмейді. Заттың құнын емес, қадір-қасиетін білу маңыз-ды. Раббымыздың мейірімі мен нығметі оның ұлылығын танытады, ал, шүкіршілікті адамдардың шама-сына қарай орындауды талап етеді.
Жер бетіндегі барлық жара-тылысқа қарасаңыз, ұшқан құс, жүгірген аң, көздің жауын алған қызылды-жасылды жасыл желек атаулының бәрі өз мақса-тынан таймай бар ынтасымен Жаратушысына қызмет етуде. Тіпті, күллі ғалам да Алланың қойған заңымен дамылсыз әрекет етіп, өз міндетін бұлжытпай орындауда. Ал, бізде дәл солардай жанталасып, өзіміздің негізгі мақсатымызды атқарып жатырмыз ба?! Егер, өз бойыңызға көз салып, ғибратпен қарасаңыз, он екі мүшенің де өзіндік міндеті мен мақсаты бар екенін көресіз. Барлығы да міндеттерін адал атқаруға тырысуда. Ендеше, Алла тағаланың мына шексіз нығметі мен ырысының да өтеуі бар. Ол – Жаратушыға деген құлшылық.
Әсет БЕКТҰР