Имамдар дәріс тыңдады
Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – ҚМДБ-ның Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру Республикалық орталығында Бейбітшлік және келісім музейі директорының орынбасары Аманбек Мұқашев келіп, имамдарға «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында семинар жүргізді.
Семинар аясында Аманбек Мұқашев еліміздің әр өңірінен келген имамдарға зайырлылық қағидаттары, діни төзімділік, дін мен мемлекеттің ара-қатынасы жайында жан-жақты түсінік беріп, аталған құндылықтардың діни қағидаттармен үйлесімі жайлы тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Айта кетейік, өңір имамдарының біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған қысқа мерзімді курс аясында имамдар әр түрлі пәндер бойынша білікті мамандар мен танымал теолог ғалымдардың семинарына қатысып жатыр. Аталмыш курс әлі де жалғасу үстінде.